ВИДЕО. Том Леффлер Головкиннің MSG аренасындағы алғашқы жекпе-жегін еске түсірді
Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер бокс фанаттарына қазақстандық боксшының «Мэдисон Сквер Гарден» аренасындағы алғашқы жеңісін еске салды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.
Алты жыл бұрын, 2014 жылдың 26 шілдесінде, Геннадий Головкин аустралиялық Дэниэл Гилді үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Кездесу Қазақстан уақытымен 27 шілдеде таңғы уақытта өткен еді.
«Алты жыл бұрын дәл осы күні GGG әлемнің бұрынғы чемпионы Дэниэл Гилді әсерлі нокаутпен жеңген еді. Бұл фанаттар үшін кезекті Big Drama Show және Геннадийдің «Гарден» үлкен аренасындағы алғашқы жекпе-жегі болды», — деп жазды Леффлер Твиттер-парақшасында.
6 years ago today, @GGGBoxing scored an impressive KO over former world champion Daniel Geale. It was another Big Drama Show for the fans in his first fight in the big arena at @TheGarden pic.twitter.com/6tJ85wwn0m
— Tom Loeffler (@TomLoeffler1) July 26, 2020
Назарларыңызға Головкин - Гил жекпе-жегінің видеосын ұсынамыз.