WBO Айдос Ербосынұлын титулын қорғауымен құттықтады

WBO Айдос Ербосынұлын титулын қорғауымен құттықтады

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлын (14-0, 9 КО) екінші орта салмақта WBO Global титулын сәтті қорғауымен құттықтады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.

«Екінші орта салмақта WBO Global чемпионы Айдос Ербосынұлын құттықтаймыз, ол Минскіде Нуху Лавальді төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, титулын сақтап қалды», – делінген ұйымның Твиттер-парақшасында.

Еске салайық, Айдос Ербосынұлы 26 шілдеде германиялық Нуху Лавальді жеңіп, WBO Global, WBC Asian және WBA International титулдарын қорғаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или