«Ювентус» Италия чемпионы атанды
Туриндік «Ювентус» Италия чемпионатының бітуіне екі тур қалғанда чемпиондық титулға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
36-турда «Ювентус» өз алаңында «Сампдорияны» қабылдаған. Жеңіске жетсе, Скудеттоны еншілейтін еді. Алаң иелері бірінші таймның соңында есеп ашты. Криштиану Роналду көзге түсті.
67-минутта Федерико Бернардески гол соғып, есепті еселеді.
Осылайша, «Ювентус» 83 ұпай жинап, ел чемпионы атанды. Команда «Интерден» 7 ұпайға озып кетті.
Футболдан Италия чемпионаты. А сериясы. 36-тур
«Ювентус» (Турин) – «Сампдория» (Генуя) 2:0 (1:0)
Голдар: 1:0 – К. Роналду (45+7), 2:0 – Бернардески (67)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или