Минскідегі бокс кешінде үш қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті

Минскідегі бокс кешінде үш қазақстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті

Ауыр салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (3-0) Минскідегі кәсіпқой бокс кешінде сәтті жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Беларусь астанасында жерлесіміз Босния боксшысы Дразан Джанджанинмен (20-31, 17 КО) кездесті. Жекпе-жек екінші айналымнан кейін аяқталды, Дразан жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Мұның алдында Евгений Павлов пен Бек Нұрмағанбет те дебюті жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын.

Минскідегі бокс кеші Parimatch букмекерлік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кету керек.

Еске сала кетелік, турнир серіктестерінің бірі - UNDERDOG спорт агенттігі.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или