Қазақстандық Павлов Минскідегі бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстандық Павлов Минскідегі бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов (1-0) кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Павловтың жекпе-жегі Минскідегі (Беларусь) кәсіпқой бокс кешінде өтті. Евгений Павловтың қарсыласы венгриялық Патрик Ренато (1-2) болды. Алты раундқа есептелген екінші жеңіл салмақтағы (55,2 кг) жекпе-жек мажарстандық боксшы төрт рет нокдаунға түскеннен кейін аяқталды.

Минскідегі бокс кеші Parimatch букмекерлік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылғанын айта кету керек. 

Еске салайық, турнирдің серіктестерінің бірі - UNDERDOG спорт агенттігі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или