«Реалды» қандай өзгеріс күтіп тұр

«Реалды» қандай өзгеріс күтіп тұр

Испания чемпионы атанған «Реал Мадрид» биыл жазда команда құрамына біраз өзгеріс енгізуді жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, клуб жазда бірқатар ойыншыны сатып, 180 млн еуро көлемінде қаржы топтағысы келеді. Коронавирус мадридтік клубтың қаржылық жағдайына айтарлықтай зиян тигізді. Сол үшін командаға пайдасы аз ойыншыларды сату ауадай қажет болып отыр.

Клуб басшылығы ең алдымен жалақысы жоғары ойыншылардан құтылғысы келеді. Жылына 15 миллион еуро жалақы алатын Гарет Бэйл бірінші нысанаға ілініп отыр. Одан бөлек Хамес Родригестің те Мадридте қалуы екіталай. 

Гарет мен Хамес маусым соңында мүлде ойнамай, алаңнан тыс әрекеттері үшін көбіне сынға ұшыраған. Өткен маусымда Хамес чемпионатта 8 матчқа ғана қатысып, бір гол мен бір нәтижелі пастың авторы атанған. Биыл футболшы барлығы 5 матчқа қатысқан. Соңғы рет маусымда «Реал Сосьедадқа» қарсы 77 минут ойнаған. 

Зидан өз сұхбаттарында Хаместі жамандамайды, керісінше, оның маңызды ойыншы екенін айтады. Мысалы, таяуда Хаместің туған күнінде бас бапкер былай деген:

«Хамес - маңызды ойыншы, біздің футболшымыз. Бүгін ол 29-ға толып жатыр, туған күнінде бақыт тілеймін. Кей футболшы басқаларға қарағанда аз ойнайтыны рас. Бірақ мен ойыншыларымның біреуін де назарсыз қалдырмаймын. Әрқайсы команда ойынына өз үлесін тигізеді. Менің әр футболшым пайдасын тигізеді», - деді Зидан. 


Клуб басшылары Бэйлге әлі де сенім артады. Бірақ бас бапкер Зинедин Зиданның оған мүмкіндік бермейті белгілі. Уэльс құрамасының ойыншысына «Реалдағыдай» мол жалақыны ешкім төлемейтіні сөзсіз. Сол үшін ол жаңа клуб іздеуге асықпайды. 2022 жылы келісімшарт мерзімі аяқталғанын күткісі келеді. 

Өткен маусымда Грет Бэйл Хамеске қарағанда көбірек ойнаған. Чемпионатта 16 матчқа қатысып, екі гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанған. Ла Лига қайта жалғасқан кезде Гарет екі матчқа ғана қатысқан. Көбіне қосалқы құрамда отырған. Ал соңғы турда қосалқы құрамда да болмады. 

Аталған екі ойыншыдан бөлек, Лука Йович, Оскар Родригес, Дани Себальос, Хесус Вальехо, Мариано Диас, Начо, Лукас Васкес, Браим Диас қатарлы ойыншылар клубтан кетуі мүмкін. Сондай-ақ, Андрей Лунин, Мартин Эдегор, Серхио Регилон, Такефуса Кубо қатарлы жас ойыншыларды жалғасты өзге клубтарға жалға беруді жоспарлап отыр. 

«Барселона» жазда 12 ойыншысымен қоштасады

УЕФА Испания чемпионатының үздіктер құрамасын жариялады

Испания чемпионаты аяқталды

«Реал Мадрид» Испания чемпионы атанды

Ла лига: 80 жыл сақталған рекорд жаңарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или