Әлем футболы

Ла лига: 80 жыл сақталған рекорд жаңарды

Ла лига: 80 жыл сақталған рекорд жаңарды
news-banner7
mobile-news-top

Испания чемпионатының 31-туры аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Мальорканы» 2:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында Ла лига тарихындағы жаңа рекорд тіркелді.

Қонақтар сапында ойынның 84-минутында алаңға шыққан Лука Ромеро Испания чемпионаты тарихындағы ең жас футболшы атанды.

Жас аргентиналық 2004 жылы 18 қарашада дүниеге келген. Ла лигадағы дебюттік матчына шыққан сәтте оның жасы бар болғаны 15-тен 219 күн асқан болатын.

Бұған дейін аталған рекорд «Сельта» қорғаушысы Сансонға (15 жас 255 күн) тиесілі болатын. Ерекше айта кетерлігі, Сансон бұл рекордты 1939 жылы 31 желтоқсанда тікеген. Демек, аталған рекорд 80 жылдан астам уақыт бойы сақталған деген сөз.


АПЛ тарихындағы 10 үздік бапкер анықталды

Бес елдің чемпионатында топ жарған бапкер кім

Transfermarkt: «Манчестер Сити» ойыншылары «Астанадан» 44 есе қымбат

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер