Олимпиада чемпиондары Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Олимпиада чемпиондары Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

Боксшы Бақтияр Артаев, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен және ауыр атлет Илья Ильин әлеуметтік желілер арқылы қазастандықтарды Тұңғыш Президенттің күнімен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Instagram желісінде Көшбасшымыздың суретін қойып: «Менің замандастарым бейбіт, тұтас және келісім елінде өсіп, өмір сүріп жатыр. Бүгінде бұл саясатты жүргізу әлемнің әр елінің қолынан келе бермейтіні көрінді. Беймаза әлемдік жағдайда бізге тату және жарқын ел сыйлаған Нұрсұлтан Әбішұлына үлкен алғыс. Бүкіл қазақстандықтарды  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!», - деп жазды.

2004 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Бақтияр Артаев та Facebook желісіндегі парақшасында мемлекет басшысымен бірге түскен суретін жариялады.

Әлемнің төрт дүркін, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин Instagram-дағы фан-клубының ресми парақшасында Президентті және барлық қазақстандықтарды құттықтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или