Жеңілмеген қазақстандық боксшының рингке қашан оралатыны хабарланды

Жеңілмеген қазақстандық боксшының рингке қашан оралатыны хабарланды

Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Станислав Калицкийдің (10-0, 3 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.

Boxrec.com порталындағы мәліметке сүйенсек, Калицкийдің келесі жекпе-жегі 22 тамызға жоспарланған. Боксшы он раундтық кездесуін Екатеринборда өткізеді. 23 жастағы қазақстандықтың қарсыласы кейін хабарланады. 

Еске салайық, Калицкий соңғы жекпе-жегін биыл 24 қаңтарда Екатеринборда өткізіп, аргентиналық Алан Кастильоны (27-8, 10 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или