Головкинге Ұлыбританиядан екі қарсылас ұсынылды
FightersTalkTV Youtube-каналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) Ұлыбританияда жекпе-жек өткізуге екі қарсылас ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі.
Канал авторлары британ жерінде жұдырықтасу үшін GGG-ге жергілікті жұлдыздарды ұсынған. Олар - суперорта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен орта салмақта WBA «уақытша» чемпионы кіші Крис Юбенк.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін былтыр қазанда украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткізіп, орта салмақта IBF және IBO белбеулерін жеңіп алған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или