Айбек Оралбай: Карантинде физикалық тұрғыдан күшімізді арттыруға кірістік
Қазіргі таңда спортшыларға формасын сақтау мақсатында үй жағдайында, ашық алаңдарда жаттығу жасауға тура келуде. Себебі, коронавирус індетінің өршуіне байланысты барлық жаттығу залдары мен спорт нысандары жабық.
<span>Қазақстандық спортшылар карантин кезінде де жаттығуға болатынын айтып, күнделікті жаттығуымен бөлісуде. Бокстан ұлттық құрама мүшесі Айбек Оралбай карантин кезінде жеке жаттықтырушымен физикалық жаттығуларға назар аударғанын айтты.</span>
<span>– Карантин режимінде барлық жаттығу залдары жабық. Ал ашық ауада, аула, парктерде жаттығу жасауға рұқсат берілген. Осы мүмкіндікті пайдаланып, елордадағы триатлон паркінде физиакалық жаттығуларымызды жасап жатырмыз. Жүгіреміз, денемізді шынықтырып, күшті арттыратын жаттығуларға көп мән береміз. Жеке жаттықтырушының бақылауымен карантин талаптарын сақтай отыра, келесі аптадан бастап жұптық жаттығуды қолға алуды жоспарлап отырмыз, - дейді Айбек Оралбай. </span>