Шанхайдағы «Гауһар лигасы» жеңіл атлетика сериясының кезеңі кейінге қалды

Шанхайдағы «Гауһар лигасы» жеңіл атлетика сериясының кезеңі кейінге қалды

Биыл Шанхайдағы «Гауһар лигасы» жеңіл атлетика сериясының кезеңі өтпейтін болды, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Шанхай қалалық үкіметінің барлық халықаралық спорттық жарыстарды келесі жылға дейін тоқтата тұру туралы шешімінен кейін, біз 19 қыркүйекке белгіленген «Гауһар лигасы» жарысының өтпейтінін өкінішпен жариялаймыз», - делінген хабарламада.

Дегенмен, аталған лига Шанхайда 2021 жылы өтеді деп күтіліп отыр. Мұның алдында  серияның басқа кезеңдері де тоқтатылған болатын, күнтізбеде алты старт бар, олардың біріншісі 14 тамызда Монакода өтеді.

Бұған дейін, ҚХР Бас спорт басқармасы 2022 жылғы Олимпиада ойындарының сынақ жарыстарын қоспағанда, жыл соңына дейін елдегі барлық халықаралық жарыстарды өткізуге тыйым салған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или