Қазақстандық WBO чемпионының анасы ауруханада жұмыс істейді. Фото

Қазақстандық WBO чемпионының анасы ауруханада жұмыс істейді. Фото

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Жанқош Тұраров әсерлі жазба жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында ауруханада жұмыс істейтін және инфекция жұқтырғандарға көмектесетін анасымен бірге түскен суретін жариялады. 

<span>Бұл - менің анам! Гүлбану Әшімханқызы</span><span> Қазіргінің нағыз батыры. Пандемия басталғалы халқына тік тұрып қызмет көрсетіп жатыр. Елмен бірге өзі де аты жаман вируспен қатты бір ауырып тұрды... Жұмысқа бармаңыз, тағы да ауырып қалсаңыз біз не істейміз деп жан жағынан қанша шырылдасақ та, "ауырып жатқан халыққа керекпін, барлық медперсоналдан қиын кезде ауруханаларды тастап, өз қара басымызды ойлап кетсек мына дерттен халқымыз шыға алмайды" деп бой бермей жұмысын істеп жүр... Дәрігерлерімізге, халқымызға Алла күш қуат берсін! Аман-есен, төрт көзіміз түгел болып осы дерттен ертерек шығуымызды жазсын, - деп жазды боксшы.</span>

<span> <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или