«Барселона» жазда 12 ойыншысымен қоштасады

«Барселона» жазда 12 ойыншысымен қоштасады

«Барселона» футбол клубын 2020 жылы жазда үлкен өзгеріс күтіп тұр, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, биыл жазда клуб 12 ойыншысымен қоштасады. Сол арқылы біршама қаржы топтап, жаңа ойыншы сатып алуды жоспарлап отыр. 

«Барселонаның» ойыншыларға төлейтін жалақы мөлшері өте жоғары. Коронавирус каталониялық клубтың қаржылық жағдайына айтарлықтай зиян тигізді.

Сол үшін бірінші кезекте нысанаға жалақысы жоғары ойыншылардан құтылғысы келеді. Клуб басшыларына әсіресе Филиппе Коутиньо мен Усман Дембеле басты мәселе болып отыр. Бұл екі ойыншының трансферлік бағасы да, жалақысы да тым жоғары. Бүгінгі таңда оларды сатып алатын клуб табылуы қиындау. 

Аталған екі ойыншыдан бөлек, Самюэль Умтити, Нелсон Семеду, Иван Ракитич, Нето, Фирпо, Мартин Брейтуэйт, Артуро Видаль, Карлес Аленья, Рафа Алкантара, Жан-Клер Тодибо қатарлы ойыншылар клубтан кетуі мүмкін.

Айта кетерлігі, бұл тізімде аты аталған екі ойыншыны «Барселона» өте үлкен сомаға сатып алған болатын. Атап айтқанда, Коутиньо (165 млн), Дембеле (150 млн) еуроға сатып алынған.

Футбол тарихындағы 100 үздік бапкер. Фергюсон көш бастады

Испания чемпионаты аяқталды

«Реал Мадрид» Испания чемпионы атанды

Ла лига: 80 жыл сақталған рекорд жаңарды

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или