Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті

Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен сол салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті.

<span>Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған.</span>

<span>Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы айқастан «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты. Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.</span>

<span>Еске сала кетсек, 2017 жылдың қыркүйегінде болған алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқаста төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жеткен болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или