УЕФА Испания чемпионатының үздіктер құрамасын жариялады
УЕФА Испания Ла лигасының 2019/20 жылғы маусымындағы үздіктер құрамасын (символикалық құрам) жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Бұл тізімге чемпион болған «Реал» командасының бес ойыншысы, лл «Барселонадан» бір ойыншы енген.
Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін 14 маусымда қайта жалғасқан Испания чемпионаты 20 шілдеде аяқталды.
Маусым қайта жанданған соң үздік өнер көрсеткен «Реал Мадрид» чемпион атанды.
УЕФА нұсқасы бойынша Ла лиганың үздіктер құрамасы:
Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал»);
Қорғаушылар: Хесус Навас («Севилья»), Серхио Рамос («Реал»), Диего Карлос («Севилья»), Юри Берчиче («Атлетик»);
Жартылай қорғаушылар: Тони Кроос («Реал»),Каземиро («Реал»), Санти Касорла («Вильярреал»);
Шабуылшылар: Жерар Морено («Вильярреал»), Карим Бензема («Реал»), Лионель Месси («Барселона»).
Үздік бас бапкер: Зинедин Зидан («Реал»).
