Мәнерлеп сырғанаудан Autumn Classic International турнирі кейінге шегерілді
Мәнерлеп сырғанаудан Autumn Classic International турнирі кейінге шегерілді. Бұл туралы Канада мәнерлеп сырғанау федерациясы мәлімдеді.
ISU Challenger санатындағы турнир Канаданың Оквилл аймағында 17-19 қыркүйек аралығында өтуі тиіс болатын. Алайда, ұйымдастырушылар турнирдің кейінге ауыстырылғанын хабарлады.
Бұған дейін Халықаралы конькимен жүгірушілер одағы (ISU) коронавирус індетіне байланысты жасөспірімдер арасындағы Гран-при турнирінің биыл өтпейтінін мәлімдеген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или