Грекия кубогының финалы шегерілді: стадион маңынан жарылғыш зат табылды

Грекия кубогының финалы шегерілді: стадион маңынан жарылғыш зат табылды

Грекия кубогының финалы аясындағы АЕК пен «Олимпиакос» матчы белгісіз мерзімге шегерілді. Бұл туралы Грекия футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz тілшісі.

Негізі матч осы жексенбі, 26 шілдеде өтуі керек болған. Алайда ойынға бірнеше күн қалғанда полиция Афиныда финал өтуі керек болған «Георгиос Камарас» стадионының маңынан жарылғыз құрылғы тауып алған. 

Грекиялық федерация матч қатысушыларының қауіпсіздігіне алаңдап, ойынды кейінге шегерді. 

Финалдың өтетін күні мен орны кейінірек белгілі болады. 

Еске салайық, Грекия кубогының қазіргі иегері - ПАОК. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или