Екі дүркін Қазақстан чемпионы «Рубин» ойыншысы атанды
«Астана» сапында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанған Джордже Деспотович мансабын «Рубинде» жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.
Қазандық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен үш жылдық келісімшарт жасалған. Деспотович жаңа командасында «9» нөмерлі жейдемен өнер көрсетеді.
28 жастағы сербиялық шабуылшының бұрынғы командасы «Оренбургпен» келісімшарты 31 мамыр күні аяқталған. Ол «Рубинге» еркін агент ретінде ауысты. Джордже медициналық тексерістен өтіп, жаңа командасының жейдесін ресми түрде киді.
Бұған дейін Джордже Деспотовичке ЦСКА және «Ростов»командалары қызығушылық танытқан. Мәскеулік клуб ойыншының агентімен байланысып, жылына 1,2 миллион еуро жалақымен ұсыныс жасаған.
Айта кетейік, Деспотович қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс ойыншы. Ол «Қайрат», «Астана», «Жетісу» және «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен.
Ал 2018 жылдан бастап ресейлік «Оренбург» клубында доп тепті. Transfermarkt мәліметінше, оның трансфер нарығындағы құны - 2 миллион еуро.
Официально:
— «Рубин» Казань (@fcrk) July 21, 2020
Джордже Деспотович – игрок «Рубина»!
Контракт нападающего рассчитан на 3 года
Добро пожаловать!
Подробнее https://t.co/bjuGJZ8FkM pic.twitter.com/4kbVnQ4LXw