Қуат мәскеулік «Динамоға» ауыспайды

Қуат мәскеулік «Динамоға» ауыспайды

Исламбек Қуат әлі де «Оренбург» футбол клубының ойыншысы, ол мәскеулік «Динамомен» келіссөз жүргізген жоқ, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Қазақстандық кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қуат «Динамоға» ауысады деген ақпарат тараған. Бірақ бұл ақпарат жай ғана қауесет. Қуаттың қазіргі клубымен келісімшарты келесі маусымның соңына дейін (2021 жылдың 30 маусымына дейін) жарамды.

Коронавирусқа байланысты ұзақ үзілістен кейін Исламбек алаңға шыққан жоқ. Маусым қайта басталғаннан бері Қуат кейбір командаластарымен бірге карантинде болды

Айта кетейік, 27 жастағы ойыншы орынборлық клубқа биыл қаңтар айында ауысып барды. Оған дейін Қуат алматылық «Қайратта» доп тепті. Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы РПЛ-да үш матчқа қатысты: «Крылия Советов» (1:1), «Арсенал» (1:0) және «Спартак» (1:3). Бірақ ол бұл кездесулерде нәтижелі ойынымен көзге түсе алған жоқ.

<h4>Қуаттың командасында бірнеше ойыншыдан коронавирус анықталды</h4> <h4>Қуаттың командасы қаржылық қиындыққа тап болды ма</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или