Қазақстандық теннисші Украинада топ жарды

Қазақстандық теннисші Украинада топ жарды

<span>«Team Kazakhstan» академиясының түлегі Дана Байдәулет М.В.Бальваның мемориалына арналғанған турнирдің жеңімпазы атанды. </span>

<span>Аталған дода Укрина астанасы Киевте өтті. Ақтық кезеңде отандасымыз 7:5, 7:5 есебімен Олеса Ревваны жеңіп, жекелей сында топ жарды.   </span>

<span>Ал жартылай финалда ол Дарья Журидті 0:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтса, ширек финалда София Черноморскпен кездесіп, 6:2, 6:0 есебімен айласын асырды. Екінші кезеңде Валерия Корнееваны 6:1, 6:0 ұпайымен, бірінші айналымда Мария Попованы 6:0, 6:0 есебімен айықын басымдықпен жеңді. </span>

<span>Дана Байдәулет Дарья Жаридпен бірге жұптық кезңде де жеңіске жетті. Финалда олар Олеса Ревва мен Анна Медведевамен кездесті. Нәтижесінде, 6:3, 7:6 (2) есебімен жеңімпаз атанды.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или