Қазақстандық боксшы польшалық былғары қолғап шеберімен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жан Кособуцкий (13-0, 12 КО) келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізетіні анықталды.
Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз 26 шілде күні өтетін Минскте өтетін кеште шаршы алаңға шығады. Қарсыласы польшалық Камиль Соколовскимен (9-17-2, 3 КО) болмақ.
Аталмыш кеште қазақстандық боксшылар Нұрсұлтан Жаңабаев, Айдос Ербосынұлы, Фируза Шарипова, Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павлов шығады деп күтілуде.
Естеріңізге салатын болсақ Жан Кособуцкий соңғы жекпе-жегін 6 наурызда Абрахам Табулға қарсы өткізген. Ол кезде қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или