Фируза Шарипова Минсктегі бокс кешінде жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Боксшы жекпе-жек туралы кездесуге бір апта қалғанда жария етіп отыр. Фируза Шарипова қазақстандық <span>SULEIMEN PROMOTIONS промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешіне шығады. Турнир 26 шілде күні Беларусь астанасы Минскте өтеді деп жоспарлаған. </span>
Аталмыш кеште қазақстандық боксшылар, Нұрсұлтан Жаңабаев, Айдос Ербосынұлы, Жан Кособуцкий, Нұрсұлтан Аманжолов, Бек Нұрмағамбет және Евгений Павлов шығады деп күтілуде.
Фируза Шарипова соңғы жекпе-жегін былтыр сәуірде өткізген болатын. Сол кезде ресейлік Анастасия Тришеваны (0-1) үшінші раундта жеңген еді. Қазақстандық боксшы соңғы екі жылда екі ғана жекпе-жек өткізген.