Абылайхан Жүсіпов: Екі ай үзілістен кейінгі жаттығу жиыны біз үшін пайдалы өтті
<span>Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, індет кезінде халықты сақтық шараларын сақтауға шақырды. </span>
<span>«Карантин қайта басталған соң, екінші оқу-жаттығу жиыны өтпей қалды. Ал екі ай үзілістен кейінгі жаттығу жиыны біз үшін жемісті болғанын айтқым келеді. Өйткені, бәріміз де жаттығуды сағынып қалыппыз. Біраз уақыт бабымыздан кетіп қалғанымыз байқалды. Үш апталық жиында дереу қалпымызға келіп, салмақ тастап, шынықтық. Енді қазіргі жағдайда біз жаттығуды үйден жалғастырудамыз. Жалпы физикалық жаттығу мен жүгіру қашан да артық болмайды. </span>
<span>Осындай қиын кезеңнің де артта қалатыны анық. Сол себепті, барша халықты карантин талаптарын бұзбай, жақындарымыз үшін, өзіміз үшін сақ болып жүруге шақырамын», - дейді Абылайхан. </span>
<span>Еліміздегі карантин 2 тамызға дейін созылғанын естеріңізге саламыз.</span>