Конфедерация әлем чемпионатының үздіктерін марапаттады

Конфедерация әлем чемпионатының үздіктерін марапаттады

Астанада ауыр атлетикадан лицензиялық әлем чемпионатының жеңімпаздары мен ұлттық құраманың бас бапкері, аға және жеке жаттықтырушылар, сондай-ақ, кешенді-ғылыми топтың мүшелерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Әлем чемпионатының қаһармандарын спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі марапаттады. Билік атынан сыйлықты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы табыстаса, Конфедерация атынан төраға Тимур Құлыбаев спортшыларды жеңісімен құттықтады.

Дәл осы күні Жасұлан Қыдырбаев мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл «Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды. Оларға құрметті белгілерді ҚР Мәдениет және спорт министрі табыстады. Ал ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни мен команданың кеңесші-бапкері Энвер Түркелери дене шынықтыруды дамытуға қосқан үлесі үшін төсбелгілерімен марапатталды. Одан бөлек, облыстық федерация басшылары алғыс хаттармен марапатталды.

Еске сала кетейік, Алматыда ауыр атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде 8-16 қараша аралығында өтіп, әлемнің 72 елінен келген 526 атлет бақ сынады. Оның ішінде, 219 әйел, 307 ер адам бар.

Әлем чемпионаты барысында 15 әлем рекорды жаңартылды. Қазақстандық спортшылар үш рекордты орнатты. Зүлфия Чиншанло (сепе көтеру – 133 келі, серпе көтеру – 134 келі) және Илья Ильин (серпе көтеру – 242 келі).

ӘЧ үздік атлеттері болып ерлер арасында Илья Ильин, қыздар арасында ресейлік Татьяна Каширина танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или