Қазақтың намысты ұлдары

Бокстан Қазақ елінің ұлттық біріншілігі өтуде. Тараз аренаға жиналған жұрт жекпе-жектер барысына баға берісті.

Айтпақшы Бежін ойындарының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев та спортшылар қимылын қалт жібермеді. Бүгін Бақыт 33 жасқа толды. Топ алып саңлақты құттықтадық. Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Марат Мәзімбаев пен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырза Айтжанов бар. Сосын Бақытқа бұрылып. Бір әңгіменің шетін шығардық:

-Бақытжан, өткенде Алматыдан Астанаға поезбен бардық. Біздің купеде боксшы жігіт отырды. Өзіңді іздеп бара жатқанын айтты. Өңі жылы екен. Жібі түзу көрінді. Талантты секілді. «Сөзің жөн сияқты, өзің қалайсың?», - деп едік. «Өзімді Тараздаға біріншілікте көресің», - деді. Әлгі айналайын келді ме?

-Аты кім екен?

-Соның аты-жөнін ұмытып тұрғаным..

-Аға-ау күніне мені іздейтіндер он шақты. Көбі боксшы. Бәрі өзін талантты санайды.

-Ол дұрыс қой. Бірақ мынау ерекше. Көзінен от шашырайды.

-Аға енді бокстан үміттінің бәрі өткір. Нешінші жылғы екен, мендегі сол 1994 жылдан бері ғой.

-Өзіңнің жерлесің көрінеді.

-Кім болды екен ә?..

-Сол келді ма дегенім ғой.

Осы тұста әңгімеге Мырзағали араласты. Бірінші ойланып алды. Сосын сөйледі.

-Кім екенін түсінетін секілдімін. Біздің баққанымыз боксшы ғой. Көзі өткір. Сөзі жақсы дедіңіз. Алматыдан Астанаға Бақытты іздеп бара жатты. Қазір ойланайын. Былай болсын. Мен қазір бір жігіттің есімін немесе тегін атайын. Ол болмаса әрі қарай іздейміз. Баха, өткенде екеуміз амандастық қой. Сонда сенің қапталыңда бір өжет бала дайындалып жатты. Фамилиясы... қазір.. қазір.. Бай.. Бай..

-Байбосын.

-Дұрыс айтасың, Бақыт

-Тас қой, Тас Байбосын.

-Ия, ия, Тастемір. Әлде Теміртас. Еске енді түсті. Өзің де темірдей тәртіпті сақтайтын спортшы бол дегендей бірдеңе айттық та. Сол Тас келді ме?

-Келе алмады аға. Қызылорданың атынан түсетін болды ма? Алматыға қайта барамын деді ме? Иә, дұрыс айтасыз. Өзбекстаннан оралды, ауылдасым.

-Мырза айналайын, бала қандай екен?

-Жақсы көрінді. Ол 1992 жылғы. Енді мына чемпионаттан қалып қойғаны қиындау...

Таң қалдық. Қолын да алдық. Айтжановтың алғырлығына, жігіт-ау. Жігіт қой. Риза болыстық.

Боксқа келсек, бүгін жарыстастар 4 салмақ дәреежсі бойынша өнер көрсетті. Және ширек финалға жолдама алғандар есімін атады. Мысалы, 49 келіде астаналық А.Қамзин мен Алматы облысынан келген М. Берікбаев, ақтөбелік Р.Наметов пен Жамбыл облысының атынан шыққан Ш.Сүгірбеков үздік сегіздіктен табылды.

56 келіге дейінге салмақ дәрежесінде Жанболат Тілегенұлының шоқтығы биік. Ширек финал жолдамасын қостанайлық Радқұловпен сарапқа салған Жанболат өзінің шеберлігін паш етті. Қарсыластарының шамасын білетін Тілегенұлының жұрт көңілінен шыққаны да жасырын емес.

khabar.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или