Үстел теннисінен «Аstana» клубы Суперлигада бақ сынайды
Үстел теннисінен еліміздегі танымал клубтардың бірі, үш дүркін Қазақстан ашық чемпионатының жеңімпазы «Аstana» теннис клубы жеңіс тұғырына көтерілуге дайындалsg ;fnsh, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>Атап айтқанда, қазіргі таңда команданың негізгі мақсаты суперлиганы жеңу болып отыр. </span>
<span>«Аstana» үстел теннисі клубы 2014 жылы Данил Пак, Дамир Абельдиновтың бастамасымен құрылған болатын. Негізгі мақсаты - суперлигада елорда намысын қорғау, жастар мен жасөспірімдерді жігерлендіру. </span>
<span>Алексей Тронин, Дәулет Бекзат, Шыңғыс Қуанышев, Темірлан Ескендіров сынды білікті спортшылар аталған клуб сапында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, ұлттық құрама мүшелері Кирилл және Александр Герасименко, Әсет Бабасов, Денис Жолдуев, Самат Бейсенов, Тимур Келбұғанов, Бекұлан Жамал, тәжірибелі теннисші Николай Яновец, Марат Сүртібаев пен Асхат Ысқақов «Astana» үстел теннисі клубының намысын қорғаған. </span>