Элизабет Тұрсынбаева Германиядан жеңіспен оралды

Германияның Дортмунд қаласында мәнерлеп сырғанаудан өткен жарыста Элизавета Тұрсынбаева жасөспірімдер арасында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Қоссайыстың нәтижесі бойынша Элизабет Тұрсынбаева 176,12 ұпай жинап, айқын басымдықпен жасөспірімдер арасындағы «NRW Trophy-2014» жарысының алтын жүлдесін иеленді. Күміс медальді финляндиялық Анни Йдрвенпд (141,21 ұпай) алса, қола жүлдені жарыс қожайыны германиялық Леа Йостина Дастич (133,26) жеңіп алды.

Айта кетейік, Э.Тұрсынбаева бұл жарысқа 2011 жылы қатысып, қола жүлде алған еді. Ал, жуырда ғана ол Италияда өткен «Merano Cup» халықаралық жарысында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или