Жеңіл атлетикадан Токио Олимпиадасындағы жарыс кестесі жарияланды
World Athletics ресми сайтында келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасындағы жеңіл атлетика кестесін жариялады деп жазады Prosports.kz. ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Кестеге сәйкес, Олимпиада тарихында алғаш рет әйелдер мен ерлер марафоны жеңімпаздарын марапаттау сәті жабылу салтанатында ұйымдастырылады. </span>
<span>Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика додасы 2021 жылдың 30 шілдесінде басталады. Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 3000 метрге жарысушылар бақ сынайды. Ал 8 тамыз күні ерлер марафонымен жеңіл атлеттер бәсекесі аяқталады. </span>
<span>Жеңіл атлетикадан медальдар жиынтығы көп таратылатын күн сенбіге тап келіп тұр. Сенбі күндеріне ерлер арасында диск лақтырудан үш финалдық сын, әйелдер арасындағы 100 метрге және 400 метрге эстафеталық жарыс жоспарланған. </span>
<span>Сондай-ақ, 7 тамыз күні жеңіл атлетикадан тағы жеті жүлде өз иесін табады. 31 шілде, жексенбі күні 25 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде, ерлер арасындағы 100 метрлік бәсеке де бар. </span>