Ғалымбек Кенжебаев: Күз айларында өтетін халықаралық турнирлерге шақырту алдық

Ғалымбек Кенжебаев: Күз айларында өтетін халықаралық турнирлерге шақырту алдық

Бокстан Қазақстан командасының мүшелері карантин талаптарын сақтап, үй жағдайында дайындалуда. Бұл туралы команда бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев хабарлады.

«Көктемде жарияланған төтенше жағдай режимі кезінде спортшылар біраз уақыт үйде отырып қалды. Кейін тауда үш апталық жаттығу жиынын өткізіп, жігіттердің барлығы спорттық бабына енген болатын. Жиында барлық санитарлық талаптарды сақтадық. Боксшылар жалпы физикалық дайындық пен функционалды және техникалық шеберліктерін арттырды. Ұзақ уақыт үзілістен кейінгі жиын спортшыларға жақсы әсер еткенін айта кету керек. Барлығы көтеріңкі көңіл-күймен оралды үйлеріне. Әрі қарай жиынды жалғастыруды көздеген едік. Алайда, қазіргі індеттің кеңінен таралуына байланысты қайтадан үйден жаттыға бастадық.

Қазір құрама мүшелері түгелдей өз аймақтарында, үй жағдайында дайындалуда. Әрине, жаттығу жиындарына ештеңе жетпейді. Бірақ басқа амалымыз болмай тұр. Бізге спортшылар мен бапкерлердің денсаулығы маңызды. Бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарладық. Ресей, Өзбекстан, Куба құрамаларымен байланыстамыз. Бұл жоспар індет ауыздықталып, шекаралар түгелдей ашылмайынша орындалмайтыны анық.

Десе де, бізге халықаралық жарыстарға шақыртулар түсіп жатыр. Күзде Германия, Чехия елдерінде турнирлер өтеді. Біздің оған қатысу-қатыспауымыз әлі белгісіз. Қыркүйектің аяқ жағында Қазақстан біріншілігі күтіп тұр. Аталған доданың да тағдыры белгісіз. Егер турнир өтетін болса, спортшылар одан бұрын қалпына келіп, жиынға қатысуы тиіс. Мұның бәрі елдегі жағдайдың реттелуіне байланысты шешіледі», - дейді бас бапкер ҚР ҰОК ресми сайтына

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или