Атырау облысы бокс құрамасының мүшелері жол-көлік оқиғасынан қаза тапты
Қазақстан бокс федерациясы үш боксшының қайтыс болғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз жол-көлік апатынан қайтыс болған боксшылардың, Атырау облысы командасының мүшелері Еламан Рахметолла, Нұркен Нұрымов және Сұңқар Тельмановтың туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Дарынды балалар жастар құрамасынан ерлер боксына ауысып, үлкен үміт күттірген еді», - деп жазды ҚФБ баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или