Бокс

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшының АҚШ-тағы жекпе-жегі кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов 24 шілдеде рингке шықпайтын болды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы спортшының өзі инстаграм желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, кездесу басқа уақытқа ауыстырылған көрінеді.

«Өкінішке орай, менің 24 шілдеге жоспарланған жекпе-жегім өтпейді. Кездесу мүмкін тамызға қалдырылды, бірақ біз жұмысымызды жалғастырып жатырмыз», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Серік Мұсаділов соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың қараша айында өткізген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер