Айдос Ербосынұлының келесі қарсыласы анықталды
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының (13-0, 9 КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ербосынұлы 26 шілдеде Беларусь астанасы Минскте өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. 28 жастағы жерлесіміздің қарсыласы - Нигериялық Нуху Лаваль (27-6, 15 КО).
Айта кетейік, Ербосынұлы мен Лаваль он раундтық жекпе-жек өткізеді. Қос қарсылас Ербосынұлына тиесілі WBO Global, WBC Asia және WBA International титулдарын сарапқа салады.
<h4>Қазақстандық боксшылар Беларусь төрінде жекпе-жек өткізеді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или