Майк Тайсон ақ ақуламен «айқасқа» түседі
Супер ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Майк Тайсон үлкен спортқа оралуға дайындалып жүр, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бұған дейін даңқты боксшының кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізетіні туралы ақпарат шыққан болатын. Бүгін Майк Тайсон «Дискавери» арнасында «Акула аптасы» телешоуына қатысуға келісім бергені белгілі болды.
The Mirror басылымының мәліметінше, «Темір Майк» әлемдегі ең қауіпті жыртқышпен айқасады. Әзірге «жекпе-жектің» қандай форматта өтетіні белгісіз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или