Қазақстандық боксшылар Беларусь төрінде жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық Suleimen промоутерлік компаниясы Беларусь астанасы Минскте бокс кешін ұйымдастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
26 шілде күні өтетін бокс кешіне қазақстандық былғары қолғап шеберлері Айдос Ербосынұлы (13-0, 9 КО), Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО), Нұрсұлтан Аманжолов (2-0, 1 КО), Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павловтың шаршы алаңға шығатыны белгілі.
Бокс кешін қазақстандық жанкүйерлер «Хабар» арнасының тікелей эфирінен көре алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или