Әбілхан Аманқұл: Баршаңызды карантин талабын сақтауға шақырамын
<span>Бокстан Қазақстан командасының үздігі Әбілхан Аманқұл барша жанкүйерлерді карантин талабын сақтап, үйден шықпауға үндеді. Танымал боксшы қауіпті дерттен тез құтылудың бір жолы – тәртіпке бағыну екенін айтады. </span>
<span>«Қазіргідей қиын кезеңде бізге бірлікте болу қажет. Барша тұрғындарды карантин ережелеріне бейқам қарамауға шақырамын. Қанша адам ет жақынынан айырылып жатыр. Сол үшін бізге барынша сақ болып, той-жиындарды доғару керек деп есептеймін. Індеттен көз жұмған жандардың отбасына көңіл айтамын. Ал карантин талабын өзім өте қатал сақтаудамын. Жақында оқу-жаттығу жиындарын өткізгенімізді білесіздер. Бұл ұзақ үзілістен кейінгі басқосу болатын. Жиын жоғары деңгейде, тәртіппен өткізілді. Жалпы дене жаттығуларына көңіл бөлдік. Өте пайдалы болды деп айта аламын. Әрине, көптен бері жарысқа шықпаған соң, шекаралар ашылмаған соң, елдегі ахуал қиындаған соң көңілде аздап алаң бар. Бірақ бәрі жақсы боларына сенемін. Жарыс бастала кетсе, тас-түйін дайынбыз», - дейді Әбілхан. </span>
<span>Айта кетелік, елдегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылды. <br /></span>