Ермек Имамбеков: «Азия ойындарына қойылған мақсатты толық орындадық»

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков дзюдошыларымыздың жағдайлары туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Жақында Шымкент қаласында өткен Қазақстан бірінішілігіне неге бірқатар бірінші нөмірлі спортшылар қатыспады?

- Өзіміздің жаттықтыршылар кеңесінде осындай шешім қабылдаған себебіміз, олар жақында ғана Азия ойындарында, Астанада өткен Гран Приде күресті. Мысалы: Елдос Сметов Азия ойындарын және Астанада өткен Гран При жарысында жеңімпаз атанды, сондықтан шаршағандығы байқалады. Айбек Имашев бір салмаққа жоғары күресуді жоспарлаған, алайда Абу - Дабиде қолын шығарып алды, сондықтан оған бейімделу керек. Тимур Болатта да жарақат бар, ал Сергей Лимге ота жасалды. Ендігі жылы ірі жарыстар және олимпиада бар, сондықтан демалыс бердік.

- Ел біріншілігінде Ықыбаев Дастан 81 келі салмақ дәрежесінде күресті, ол салмағын түбегейлі өзгертті ме?

-Жоқ, ел біріншілігінде ғана жаңа салмақта күреседі.

- Әсет Ахметжановтың дайындығы қалай, ел біріншілігінде өзін көрсете алмады ғой?

- Иә, ол осы жолы Абу - Дабиде күресті. Оны мен Астанада өткен Гран При турниріндегідей күресе ме деп ойлағам, алайда нашар күресті. Бір қимылда жасаған жоқ. Психологиялық тұрғыда да, күш жағынан да өзін көрсете алмады.

-Есен Саматтың өнерін қалай бағалайсыз, ол жастар сапынан ерлердің ұлттық құрамасына толық ауысты ма?

-Ол өткен жылы әлем біріншілігінде жастар арасында екінші орын алды. Астанада Гран Приде өзін жақсы қырынан көрсетті. Кирилл Вопросов деген жігітпенен жақсы күресті, «вазари» мен ұтып келе жатып, кейіннен ұтылып қалды. Соған қарағанда болашақта өзін көрсететін бала. 90 келіде бәсеке болса деп ойлаймыз. Желтоқсан айында Қырғызстанда жаттығу жұмыстары өткізіледі, .оған 90 келіде күресетін мақтанышымыз Ислам Бозбаевта қатысады.

- Әлеуметтік желілердегі жанкүйерлеріңіз Руслан Әбдіразақовтың әдістерін жақсы бағалап жатады. Оның қазіргі дайындығы қалай?

- Ол жақында ғана салмақ ауыстырды. Оған жаңа салмаққа бейімделу керек. Кейде күші жетпей қалады, Астанадағы Гран При жарысында өзін көрсете алмады. Бірақ әлем біріншілігінде Ресейде командалық жарыста жақсы күресті, әлем чемпионатының жүлдегерін ұтты. Енді біз барлығына мүмкіндік береміз, өздеріне байланысты, әлемдік рейтингтегі алдағы 22 спортшының қатарын енсін, болашағы алда деп есептеймін.

- Шымкент қаласында өткен ел біріншілігінде қазақ барысында бақ сынап жүрген Асыл Бәрменов сияқты жігіттердің бірқатары жүлдеге ілінбей қалды, қазақ күресі мен дзюдоның арасында қандай айырмашылық бар ?

- Қазақша күрестежақсы өнер көрсетіп жүрген Айбек Нұғымаров сияқты спортшылар дзюдоға келгенде тұрып қалады, сол себептен ескерту алады. Ал, дзюдошылар болса, оларға қарағанда ширақтау болып, ұтып кетті.Ол бала әлі де күресіп, өзін көрсетеді деп ойлаймын. Асыл Бәрменовта тұрып қалды. Мында жылдамдық керек.

- 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткізілетін Олимпиадаға спортшылар қалай іріктеледі?

- 22 мықты топтың ішіне кіру керек. Олар 7-8 жарыста күрессе де, оның ішінен лицензиялық 5 жарыстың нәтижесі алынып, шешім қабылданады. Лицензияны ұту үшін әр жарыстан орын алып отыру керек.

- Осы жылы барлық спортшыларыңызға көңіліңіз толды ма?

- Ресейде өткен әлем біріншілігінде Айбек Имашев жеңіске бір саты жақын еді. Алайда үшінші орынға күресіп жатқанда Токатоға «иппон» әдісін жасап еді, алайда оған «вазари» ұпайын берді. Қылқындырып жатыр еді, уақыт жетпей қалды. Төренов Ертуған деген дзюдошымыз үшінші орынға ілінбей қалғанына өкінем. Менің ойымша әлемдік тұрғыда тәжірибе жетіспеді. Бірақ олар келесі жолы жақсы нәтиже көрсететініне уәде берді. Бұрын Максим Раков пен Сергей Лим ғана халықаралық деңгейде жеңіс тұғырынан көрініп жүретін, енді қазір басқа да палуандарымыз өз өздерін жақсы қырынан көрсетіп жүр. Болат Тимур деген жақсы баламыз бар. Әлем біріншілігінде ол жеке сында өзбек спортшысына ұтылып қалған, ал командалық жарыста жеңіске жетті. Максим Раков бабымен келе жатыр, Ержан Шынкеев өткен жылы Азия біріншілігінің қола жүлдегері еді, осы жолы Азияда да 7 орын алды, оған да жақсы күресу керек еді, сол балаға қарным ашады.

- Алда қандай жоспарларыңыз бар ?

-Желтоқсан айында Қырғызстанда жаттығу жасаймыз, ендігі жылы қаңтар айының 7 – 13 аралығында оқу- жаттығу жұмыстарын өткіземіз. Ақпанның 20-22 аралығында Дюссельдорфта ұйымдастырылатын жарысқа қатысамыз, оған 1-2 нөмірлі спортшылар барады.

- Жылды қорытындыласақ өз жұмыстарыңызға қандай баға бересіз?

- Негізі бағаны басшылық береді. Өз ойымша, негізгі жарыс XVII Азия ойындарына қойылған мақсатты толық орындадық. Бізге бір алтын, бір күміс, бір қоланы ұтып алу жөнінде тапсырма берілген. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Елдос Сметов 60 келі салмақта алтын алса, күміс медаль иегері Максим Раков 100 келі салмақ дәрежесінде және қоланы Азамат Мұқанов 66 келі салмақта иеленді. Ал Азиз Қалқаманұлына қатысты төрешілердің қателігінен ол 5 орын алып қалды. Командалық жарыста екінші орын алдық, мұны үлкен жетістік деп есептеймін. Сол кезде жарыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, бірінші орын алған кәрістерді, бізді және жапондықтарды шақырды. Сол кезде жапонияның аға жаттықтырушысы бізге келесідей жақсы пікір айтты: «Дзюдо менің ұлттық күресім, алайда Қазақстанда дзюдоның жоғары дәрежеде дамып жатқанына қуанам, қазақтардың бізден бір саты жоғарылағанына қуаныштымын » - деп айтқаны бар.

- Жаңа жыл қарсаңындағы жанкүйерлерге деген тілегіңіз ....

-Жанкүйерлерімізге рахмет, бізді қолдағандары үшін. Елімізге тыныштық, барлығына мықты денсаулық, сәттілік тілеймін. 2015 пен 2016 жылы жанкүйерлерімізді алтын медальмен қуантайық. Дзюдо федерациясының Президенті Рақышев Кеңес Хамитұлына, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының басшысы Құлыбаев Тимур Асқарұлына алғыс айтамыз. Осы Азия ойындарынан келген бетте саңлақтарымызды бірден марапаттады. Бірқатар спортшы өзіне үй алды, бірі көлік сатып алды. Ұдайы осылай қолдап отырса, балалар одан да жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.

- Сұхбатыңызға көп рахмет, алдағы жарыстарда жеңіс тілейміз!

fdk.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или