Аустриялық теннисші Берлиндегі көрме турнирде жеңімпаз атанды

Аустриялық теннисші Берлиндегі көрме турнирде жеңімпаз атанды

Аустриялық теннисші Доминик Тим Берлинде өткен bett1ACES көрме турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің үшінші ракеткасы финалдық кездесуде италиялық Маттео Берреттиниді 6:7 (4:7), 6:4, 10:8 есебімен жеңді. Кездесу бір жарым сағатқа созылды.

Үшінші орын үшін матчта Янник Синнер мен Роберто Баутиста-Агут кездесуі керек еді, бірақ жаңбыр себебінен ойын өткізілмеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или