Қазақстандық теннисші халықаралық көрме турнирінде екі рет жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші халықаралық көрме турнирінде екі рет жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин халықаралық көрме турнирлеріне қатысып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 шілдеде Ломакин екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. Алғашқы ойында қазақстандық спортшы үш сетте Ұлыбритания өкілі Митчелл Джонсонды 3:6, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.

Екінші кездесуде Григорий америкалық теннисші Себастьян Мурильоны сенімді түрде жеңді - 6:2, 6:2.

ATP рейтингісінде Ломакин 879-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или