Гір көтеруден Әлем чемпионатында жерлесіміз қола жеңіп алды

Нұрсұлтан Көлдеев Германияның Гамбург қаласында гір көтеруден ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі мәлімдейді. Көлдеев 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 32 келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 143 ұпай жинады.

«Нұрсұлтан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі зор», - делінген хабарламада.

Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте бірінші орындыРесей, екінші орындыҚазақстан және үшінші орындыУкраина мемлекеті иеленді. Енді Нұрсұлтан осы жылдың желтоқсан айында Павлодарда болатын Қазақстан кубогында бақ сынамақ.

24.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или