Коронавирусқа байланысты Japan Open турнирі өтпейтін болды

Коронавирусқа байланысты  Japan Open турнирі өтпейтін болды

<span>Үстел теннисінен Халықаралық федерация (ITTF) ұйымдастыратын Japan Open турнирі коронавирус індетіне байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz</span>

<span>Алғашында 21-26 сәуірде өтеді деп күтілген турнир кейінге ауыстырылған болатын. Алайда, турнирдің биыл өтпейтіні анықталды.  </span>

<span>Індетке байланысты Жапонияға кіріп-шығу әлі де қиындық туғызуда. Келесі жылы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын қабылдайтын мемлекет биыл 129 ел мен аймақтың елге кіруіне тыйым салған.  </span>

<span>Айта кетелік, Жапонияның ашық чемпонаты 1996 жылдан бері әлемдік турнир қатарында.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или