Тим Цзю мен Джефф Хорн жекпе-жегі 26 тамыз күні өтеді

Тим Цзю мен Джефф Хорн жекпе-жегі 26 тамыз күні өтеді

Бірінші орта салмақтағы файтер Тим Цзю мен жартылай орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Джефф Хорн арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды. AAP сайтының хабарлауынша, 10 раундтық шайқас 26 тамызда Квинслендтегі Queensland Country Bank Stadium аренасында өтеді. Бір қызығы ұйымдастырушылар бокс кешіне көрермендер кіре алады деп сендіріп отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Біз аренаның жалпы сыйымдылығын 32 мың адамға дейін жеткізе алдық», - деді промоутер Хорна Дин Лонерган AAP сайтына берген сұқбатында. - Квинслендтегі шектеулерді ескере отырып, біз 25 мың адам немесе стадион сыйымдылығының 50 пайызына көрермен қабылдай аламыз. Сондықтан бізге 16 мың көрерменді шақыруға рұқсат етілген.

Квинсленд әкімшілігінің керемет жұмысының арқасында біз планетадағы ең үлкен шайқастардың бірін күтеміз. Әлемдегі жаппай іс-шараларға қойылған шектеулерге байланысты көптеген ауқымды шайқастар ұйымдастырылмай отыр».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или