Афина марафоны жыл соңында өтеді
<br />Афина марафоны мен жартылай марафоны әлеуметтік арақашықтықты сақтай отыра, биыл жоспарланған уақыттан кеш ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
<span>Марафон 8 қарашада өтеді. Ал жартылай марафон 20 қарашаға жоспарланған. Греция үкіметі коронавирус індетімен күрес барысында оң нәтижеге қол жеткізіп, үкіметі 5000 қатысушыға рұқсат берді. Сондықтан, биылғы марафон екі кезеңнен өтеді. Бірінші кезеңде 5000, екінші кезеңіне 5000 қатысушыдан жіберіледі. Биылғы марафонға әлемнің үздік атақты жүгірушілері шақырылмайды. Сондай-ақ, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салтанатты шаралары мен гала кештер ұйымдастырылмайды.</span><br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или