Рыпакова: Қазіргі кезде барлық сақтық шарасын қатаң сақтауымыз керек

Рыпакова: Қазіргі кезде барлық сақтық шарасын қатаң сақтауымыз керек

Қазақстанда тұрғындардың қаупсіздігін сақтау мақсатында карантин режимі жарияланған болатын. Қазақстандық спортшылар жанкүйерлеріне қазіргі сәтте оқшауланудың маңыздылығын айтып, сақ болуға шақырды. 

Өз кезегінде, Олимпиада ойындарының чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова инстаграмдағы ресми парақшаснында жанкүйерлерге арнап маңызды жазба қалдырды. 

- Мен барлық кезде соңғы жаңалықтарды жіті қадағалап отыруға тырысамын. Әсіресе, қазіргідей маңызды сәтте жағдайға бей-жай қарамаймын.  Даниял Ахметовтың тікелей эфирде өңірдің басшысы тек қана жағдайды бақылап қана қоймай, қазіргі таңда коронавирус пандемиясын тоқтату барысында қандай шаралар қолдану керегін жақсы білетінін көрсетті. Мен үшін, спортшылар үшін ешкіммен араласпауға тырысып, оқшаулану өзіңді және жақындарыңды індеттен сақтауға таптырмас бірден бір әдіс.

Мен өзім карантиннен өттім, барлық қарым-қатынас менің отбасыммен ғана шектелді. Сондықтан, отбасымды, әсіресе, үлкен кісілерді қорғау қаншалықты маңызды екенін білемін. Сонымен қатар, сіздің жақыныңыз немесе досыңыз ауырған жағдайда біздің ауруханалар дер кезінде жағдай жасап, барлық қажетті дәрі-дәрмек пен жабдықтардың жеткілікті екенін есту де көңілімді жайландырды.  

Қазіргі таңда ең бастысы барлық қауіпсіздік шарасын сақтауымыз керек. Біз осылай ғана індетті жеңе аламыз. Эпидемияның маңыздылығын соңғы уақытқа дейін ешкім түсінген жоқ, сақтық шарасына да бей-жей қарап, туған күн мен басқа да мерекелерді атап өтуді жалғастырды. Негізі бұл дұрыс емес. Даниял Ахметов өзінің тікелей эфирінде қатаң режимнің керек екенін атап өтті. Мұндай шешімнің барлығы сіздің, біздің өмірімізді сақтау мақсатында қабылдануда.  Өздеріңізді сақтаңыздар!, - деп жазды Рыпакова. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или