WTA рейтингтік ұпайларды жыл соңына дейін сақтап қалады

WTA рейтингтік ұпайларды жыл соңына дейін сақтап қалады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) рейтингтік ұпайларды маусымның соңына дейін шегермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.<br />Рейтингте 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың желтоқсанына дейінгі теннисшілердің нәтижелері ескеріледі. Теннисшілер бірдей турнирлерде алған ұпайларын екі есе көбейте алмайды. 2020 жылы турнирлерде жиналған ұпайлар 2021 жылғы ұқсас турнирлерден кейін ғана жойылады. Егер осы турнирлер 52 аптадан кейін өтетін болса, ұпайлар әлі де жойылатыны атап өтілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или