WTA коронавирус пандемиясы кесірінен рейтинг жүйесіне өзгеріс енгізді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирус пандемиясына байланысты маусымдық рейтинг жүйесін қайта қарастырды, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Наурызда әйелдер теннисі туры коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды және сол айдан бастап, әлемдік рейтингтер де тоқтады. Теннис маусымы тамыз айында басталады.
Рейтингтік есептеудің жаңа жүйесіне сәйкес, жеке жарыстардағы 16 үздік нәтиже және 2019 жылғы наурыздан 2020 жылғы желтоқсанға дейін, бұрын болған сияқты 52 апта емес, қосарланған 11 нәтижелер ескерілетін болады. Теннисшілер жаңа ұпай жинай алады, бірақ бір турнирде екі рет ұпай ала алмайды. 2020 жылы жинаған ұпайлар 2021 жылы тиісті турнир ойналғаннан кейін немесе 52 аптадан кейін, қайсысы бірінші келсе, рейтингтен алынады.
Бұған дейін кәсіпқой теннисшілердің қауымдастығы (ATP) рейтинг жүйесін қайта қарастырған болатын.
Сурет: РИА Новости / Алексей Филиппов