ММА

«Шегінуге жол жоқ, елім үлкен үміт артып отыр»

«Шегінуге жол жоқ, елім үлкен үміт артып отыр»
news-banner7
mobile-news-top

Arlan MMA Pro командасының өкілі, еліміздегі үздік файтерлердің бірі Жалғас Жұмағұлов (13-3) ресейлік журналист Игорь Лазоринге берген сұқбатында UFC 251 турниріндегі жекпе-жегіне дайындығы жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қашып жүріп төбелеспеймін, ашық шайқасамын. Мен тек алға ұмтыламын. Ұпай саны немесе тактикалық тұрғыдан жеңемін деп мақсат қойып отырған жоқпын. UFC-де жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Осы мақсатқа жету үшін талас белестерді бағындырдым.

Қуат Хамитов: Жалғас Жұмағұлов UFC-де топ жарады

Қолдау көрсетіп жатырған жандардың барлығына алғысымыз шексіз. Инстаграмда сансыз хабарламалар келіп жатыр. Барлығына жауап беруге мұмкіндігім жоқ, әйткенмен бәріне рахмет.

Мен үшін халық батып бара жатыр, үлкен үміт артып отыр. Аға буын көмегін көрсетіп жүр. Қазақстаннан ұшуға ешқандай қиындықтар болған жоқ. Барлық жағдайды жасап берді. Жеке ұшақпен қамтамасыз етті. Бұрын-соңды мұндай болған емес. Шегінетін кез емес, аяғына дейін шайқасамын» - деп аяқтады сарбаз.

Асылжан Бақытжанұлы: Жалғастың аянып қалмайтынына сенімдімін

Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Әлемдегі ең үздік ұйымның қол астындағы жекпе-жегін жерлесіміз бразилиялық Раулиан Пайвамен (19-3) өткізеді. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де басталады.

Жалғас Жұмағұлов қатысатын турнирді қайдан көруге болады?

Жұмағұлов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер