ММА

Жалғас Жұмағұлов: Big drama show көрсетеміз

Жалғас Жұмағұлов: Big drama show көрсетеміз
news-banner7
mobile-news-top

UFC-дегі дебютін өткізуге дайындалып жатқан Жалғас Жұмағұлов алдағы жекпе-жегі туралы ойын бөлісті.

– Дайынық жақсы өтті. Әрине, пандемияның да әсері болды. Қиындық та, тексерісті де өттік. Қазір жекпе-жекке тас-түйін дайынмын! Қолымнан келгенін істеймін. Осындай ұйымда мықты қарсыласпен жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Октагонға шығып, big drama show көрсетеміз, - деді Жалғас Жұмағұлов.

Жалғас Жұмағұлов 11 шілдеде UFC-дегі дебюттік кездесуін өткізеді. Жерлесіміздің атақты промоушен туы астындағы алғашқы қарсыласы - бразилиялық Раулиан Пайва.

Ресейлік инсайдер Игорь Лазориннің хабарлауынша, Жалғас Жұмағұловтан коронавирус табылған жоқ, сол себепті қазақстандық спортшы дайындық бөлмесіне жіберілді.

Қазақстандық ММА жанкүйерлері Жұмағұлов – Пайва жекпе-жекгін тікелей эфирде - Qazsport телеарнасында, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша түнгі сағат 03:55-те көре алады. Кештің басты жекпе-жегінде Камару Усман және Хорхе Масвидаль кездеседі.

Күні кеше белгілі болғандай, жартылай орта салмақта UFC рейтингінің көшін бастап тұрған Гилберт Бёрнс коронавирус жұқтырып, турнирге қатысудан бас тартқан. Енді оның орнына Хорхе Масвидаль мен Камар Усманға қарсы жұдырықтасады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер