«Канелоның» командасы қарсылас қарастыруда

«Канелоның» командасы қарсылас қарастыруда

Орта салмақта WBA Super чемпиондық белбеуінің иегері Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) шаршы алаңға қыркүйекте оралуды көздеп отыр, деп жазады Prosports.kz сайты.

ESPN Deportes басылымының мәліметінше, Мексика боксының жұлдызы 12 қыркүйек күні не украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО), не супер орта салмақта WBA Super чемпионы Каллум Смитпен (27-0, 19 КО) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. 

Жақында Сергей Деревянченконың жаттықтырушысы Андре Розье күзде Сауль Альвареспен де, Джермаллом Чарломен де жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді. 

Айта кетейік, «Канело» күздегі жекпе-жегінен соң келер жылы қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или