Әбдімәлік пен Асаубаеваның Women's Speed Chess GP турниріндегі қарсыластары белгілі
Қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдімәлік пен Бибисара Асаубаеваның 15 шілдеде басталатын жедел шахматтан әйелдер арасындағы халықаралық шахмат турнирінің төртінші кезеңі бірінші айналымындағы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz Chess.com сайтына сілтеме жасап.
Бибисара Асаубаевағв тағы да мықты қарсылас тап болды - бұл жолы оған бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Александра Костенюк қарсы шығады.
Жансая Әбдімәлік ширек финалға шыққан әйелдер арасындағы жылдам шахмат Гран-приінің екінші раундының бірінші айналфмында жеңген перулук Дейзи Кореймен күш сынасады.
Еске сала кетейік, Жансая Әбдімәліктің активінде үш кезеңнен кейін 2 ұпай бар, Бибисар Асаубаев әлі ұпай жинай алмады. Төрт кезеңнің қорытындысы бойынша сегіз үздік шахматшы турнирдің суперфиналына шығады.
Сурет informburo.kz